Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Украинаның НАТО-ға мүшелігі мәселесі қазіргі уақытта НАТО мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау таппай отыр, деп мәлімдеді НАТО Бас хатшысы Марк Рютте.
"Практикалық жағынан қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша (Украинаның НАТО-ға мүшелігі - ред.) бірауыздан қолдау жоқ", - деді Рютте.
Рютте сонымен қатар НАТО-ға мүше мемлекеттер Украинаға америкалық қару сатып алуға шамамен 6 миллиард доллар жұмсағанын айтты.
"Біздің Украинаны қолдау тәсілдеріміздің бірі - PURL бағдарламасы. Соның аясында НАТО Украинаға ақысын одақтастар мен серіктестер төлейтін маңызды америкалық жабдықтарды ұсынады. Одақтастар мен серіктестер қазірдің өзінде шамамен 6 миллиард доллар бөлді және бұл қолдау жалғаса береді", - деді Рютте.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украинадағы қақтығысты реттеуде тараптардың ымыраға келуі оң сипатта емес деп санайды.