Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында анасына деген сағынышын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі марқұм анасының өмірден өткеніне бес жыл болғанын айтты.
"Анашым сізді құшақтамағаныма, құшып, сүймегеніме, еркелемегеніме тура бес жыл болыпты. Қатты сағындым, анашым. Өзіңіз кеткелі жасықпын, жылауықпын. Амал жоқ, бәріне көнемін ғой. Кей кезде сіздің жоқтығыңыз арқама аяздай батады. Жаның жәннәтта болсын Анашым", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдірді.
«Анасынан айырылғандар ғана түсінеді мұндайды», «Аналарымыз аман болсын», «Ананы қалай қадірлеу керек екенін көрсеткен аға, сіз аман болыңыз», деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.