Аман Бақытжан Grand Slam жарысында қола алды

08.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ол жұбаныщ финалында кубалық Джонатан Чаронды юко ұпайымен жеңді.

Отандасымыз жарыс барысында барлығы 5 кездесудің 4-де жеңіске жетті. Өз тобынан үздік шығып, жартылай финалға дейін жетті. Алайда отандасымыз жартылай финалда Дильшот Халматовқа (Украина) есе жіберді. Ал іріктеу кезеңінде ол Закари Дижолді (Франция), Мишель Аугустоны (Бразилия), Дэвид Старкелді (Словения) тізе бүктірді.

Беделді бәсекеде бүгін ел құрамасынан 60 келіде Шерзод Давлатов, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Бауыржан Нарбаев, 73 келіде Есет Қуанов пен Дастан Шаяхметов жарыс жолын ерте аяқтады.

Айта кетсек, Парижде өтіп жатқан жаңа спорт маусымының алғашқы әлемдік рейтингтік турниріне 78 елден 488 дзюдошы қатысып жатыр.

Сондай-ақ ел құрамасынан 8 ақпанда 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен Әділет Алмат, 90 келіде Айдар Арапов, 100 келіде Марат Байкамуров пен Нұрлыхан Шархан, 100 келіден жоғары салмақта Ғалымжан Қырықбай татамиге шығады.

Әлемдік додаға 82 елден 529 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Аталған турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.

Бұған дейін Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандар 7 ақпанда кімдермен белдесетінін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью