AMANAT депутаттарының өкілеттілігі заңды ма Айдос Сарым жауап берді

17.06.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мәжілістегі AMANAT фракциясының өкілі Айдос Сарым партия депутаттарының өкілеттілігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін AMANAT жаңадан құрылған ӘDILET партиясына қосылған болатын. Саяси ұйым отырған ғимараттарда барлық маңдайшаны да бірден ауыстырып тастады.

Ал әлеуметтік желіде мәжілістегі AMANAT депутаттарының өкілеттілігіне қатысты сан алуан пікірлер айтыла бастады. Фракция өкілі Айдос Сарымның айтуынша, AMANAT депутаттарының өкілеттігілі заңды.

"Бұл жерде ешқандай қайшылық жоқ. Біз жойылдық немесе партиядан шығып кеттік деп айтқан жоқпыз ғой. Конституция тұрғысынан да, заңнама бойынша да бәрі дұрыс", - деді Сарым журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда мәжілісмен әлеуметтік желідегі пікірлермен таныс екенін де жеткізді. Журналист Асылхан Мамашұлының жазғанын да көрген.

"Өзі де ешқандай заңгермен ақылдасқан жоқпын, эмоциямен жаздым деп отыр ғой. Жалпы, партияның ресми реестрден шығудың өзі үлкен жұмыс болып табылады. Мысалы, біз ADAL партиясын қосқанда оның жабылуы 9 айға дейін жалғасты. Сондықтан біз қосылған күннің өзінде партияның жабылуы ұзақ жұмыс", - деп атап көрсетті Сарым.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью