AMANAT : Мемлекеттік сатып алудағы ашықтық пен тиімділік мәселесі талқыланды

30.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кеңес отырысында Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов салада атқарылған жұмыстар барысын кеңінен мәлімдеді.

«Мемлекеттік сатып алу саласында ұйымдастырылатын конкурстардың ашықтығы мен оңтайлылығын қамтамасыз ету әрдайым назарда, Осы ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жергілікті атқарушы органдарға түсетін жүктемені азайту мақсатында, облыс әкімінің бастамасымен 2023 жылдан бастап, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері және оларға бағынысты мекемелер арасында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы айқындалды.», - деді мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысы Бауыржан Шаменов.

Осы орайда тап өту керек, бір облыста – бір ұйымдастырушы тәсілін республика бойынша бірінші болып, Қызылорда облысы енгізді.

Жалпы мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтарды  және сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарды болдырмау және жаңа заңнаманы түсіндіру мақсатында 2025 жылы Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің және облыстық басқармалардың мамандары үшін 165-ке жуық іс-шара ұйымдастырылған.

Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесінде 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы ішкі мемлекеттік аудит органдарымен келтірілген камералдық хабарламалар саны 5 есеге азайса, әлеуетті өнім берушілермен конкурс қорытындыларына берілген шағымдар саны 2 есеге төмендеген. Ал, мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, Басқарма тарапынан заң нормаларын қолдану тәжірибесінен жинақтаған ақпараттарға талдау жасап, мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мақсатында 2025 жылы 100 ұсыныс жолданып, олардың бірқатары Қаржы министрлігі тарапынан қолдау тапқан.

«Мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізіліп, мемлекеттің міндеттері мен функциялары қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге бұл қызмет негізінен қаржылық қатынастардан тұратындықтан және мемлекеттік органдармен бірге көптеген кәсіпкерлік субъектілерін қамтитындықтан өте маңызды болып табылады», - деді жиын барысында кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев.

Жиын барысында кеңес құрамына өзгерістер енгізілді.

Отырысты қорытындылаған филиал төрағасы Жандос Базартай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршаға ортақ міндет екендігін тілге тиек етті. Өз кезегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық көріністері мен оның туындау себеп салдарын жою мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде бақылауда болатындығын жеткізді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью