AMANAT партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы референдумда дауыс берді

15.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров республикалық референдумда өз таңдауын жасап, Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді, -  деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол белгіленген сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Референдум – бұл әр азаматқа ел тағдырына тікелей қатысуға берілген маңызды мүмкіндік. Мұндай сәттерде қоғамның белсенділігі мен азаматтардың жауапкершілігі ерекше мәнге ие. Біз бүгін өз таңдауымыз арқылы еліміздің болашағына қатысты ортақ шешім қабылдауға үлес қосып отырмыз. Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруі – мемлекеттің даму бағытын айқындауға қосқан нақты үлесі деп есептеймін», – деді Серік Нұрқадыров.

Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью