24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«AMANAT» партиясының жанынан цифрлық комиссар қызметі құрылады.
Астана өткен цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің кеңейтілген отырысында осындай ұсыныс көтерілді. Ал бұл жауапкершілік Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваға жүктеледі. Енді ол елдің барлық өңірінде IT саласындағы дарынды жастарды қолдау қарқынын арттырып, шалғай ауылдарды интернетпен қамту барысын бақылайды. Басқосуда Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басым бағыттары талқыланып, жыл бойы атқарылатын жұмыстардың жай-жапсары пысықталды. Жиынға Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, салалық ведомстволардың өкілдері, сарапшылар және цифрлық жобалардың жетекшілері қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімінде Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша 24-орында тұр.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Цифрландыру мен жасанды интеллект тек салалық мәселе ғана емес, тұтас елдің дамуына ықпал ететін ауқымды, серпінді бағыт. Мемлекет басшысының өзі бұл саладағы іргелі істерге тікелей бастамашы болып, ерекше бақылауында ұстап отыр. Жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект халқымызға, еліміздің болашағына жұмыс істеуі керек. Әр азамат, әр отбасы, күллі қоғам оның пайдасын сезінуі қажет. «AMANAT» партиясы Президентіміздің қоғамдық-саяси тірегі ретінде осы жұмыстың алдыңғы шебінде әрқашан болатын болады.