AMANAT партиясының фракциясы Жаңа Конституция жобасын қолдады

01.02.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«AMANAT» партиясы фракциясы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасына қолдау білдірді.

Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Жаңа Конституция мәтіні қоғаммен бірлесіп әзірленгенін және бұл құжат Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалар бағытының заңды жалғасы екенін атап өтті. «Конституция жобасына сәйкес, жаңа бір палаталы Парламент айтарлықтай күшейтілген өкілеттіктерге ие болып, билік тармақтары арасындағы тежемелік тепе-теңдік жүйесін түбегейлі жаңғыртады. Ал Құрылтайды тек партиялық тізім арқылы қалыптастыру қадамы қоғамдағы барлық әлеуметтік топтың мүддесін неғұрлым кең әрі жауапты түрде білдіруге мүмкіндік береді», - деді Партия төрағасы. Мемлекет басшысының «Халық Кеңесін» құру жөніндегі бастамасы Конституция жобасында көрініс тапты. Ерлан Қошанов Бұл ұсыныс та Заңнамаға бастамашылық ету құқығы бар жаңа институт этностардың, конфессиялардың, өңірлердің барлық аспектісі ескерілетін, жете ойластырылған мемлекеттік шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:

- Жаңа Конституция халықпен ашық диалог жүргізу барысында қалыптасып, жұртшылықтың шынайы мүддесін айшықтайды. Сондықтан жаңа Ата заңның жобасын «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Ол – еліміздің орнықты дамуының берік негізі болары анық. Ұлтымызды ұйыстыратын факторға айналуы керек. Жаңа Конституция жобасының әр бабын, әр нормасын халыққа кеңінен түсіндіруіміз керек. «AMANAT» партиясы осы жұмыстың бел ортасында болуға тиіс. Бұл біздің – маңызды міндетіміз, тарихи миссиямыз. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью