Амангелдінің ән әлемі

30.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Әл-Фараби атындағы Байзақ аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған өнер кешінде жерлестері Амангелді Тілеп пен оның өнердегі бауырларының орын­дауындағы ғажап әндерді тыңдап, қазақы туындылардың қайнарынан сусындағандай күй кешті. Өнер иесіне айрықша құрмет көрсетіп, ыстық ықыласты аяған жоқ.

Ән әуелеп, күй күмбір­леген кеш барысында аудан әкімдігінің аппарат басшысы Асылжан Құрманов, аудандық мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев өнердің өріне шығып, зейнет жасына жеткен Амангелді Тілеп шығармашылығы туралы жылы лебіздерін білдіріп, жергілікті атқарушы билік атынан құрмет көрсетті.

Кеште Амангелді Тілеп­тің орындауындағы халық әні «Ақсұңқар», Әбілхан Махановтың термесі «Ара­лым, айдын шалқарым» шығар­масы, Қасқырбай Нар­батырдың сөзіне жазылған «Құрбымнан хат», Қайыпназар Шотбасовтың сөзіне жазылған «Қазақтың келіндері-ай» әндері көптің көңілінен шық­ты. Іс-шарада «Әжелер» ан­самблі, Сәрсенбек Бәкір, Марал Жанбаева бастаған өзге де өнер иелері әннен шашу шашып, Амангелді Тілепті зейнет жасына жетуімен құттықтады.

Шығармашылық кеш барысында Мәдениет саласының үздігі Амангелді Тілепке Мәдениет және ақпарат министрінің Алғысхаты, Жам­был облысы әкімінің атынан «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және аудандық мәслихаттың Алғысхаты табыс­талды. Сондай-ақ облыстық кәсіподақ атынан келген Дина Керімбек өнер иесінің кеудесіне «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты.

Жамбыл облысы,

Байзақ ауданы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью