Америкада білім алу мүмкіндігі

31.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жанынан жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды. Білім мен инновацияға ұмтылған қала тұрғындарын біріктіретін алаң заманауи технологияны меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге, халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Мегаполистегі шығарма­шы­лықпен айналысатын жас­тарды қолдауға арналған орталық қала әкімдігінің, АҚШ елші­лігі мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының, сондай-ақ жергі­лікті серіктес ұйымдардың қолдауымен есік ашып отыр. Инновация мен тә­жірибені ұштастырған заманауи көпфункционалды алаңда АҚШ уни­верситеттерінде білім алуға қызы­ғушылық танытқан жастарға кеңес беру, ағылшын тілі курстары мен сөйлеу клубтары, кәсіби және цифрлық дағдыны дамытуға арнал­ған воркшоптар, сондай-ақ кәсіп­кер­лік, көшбасшылық және азамат­тық бел­сен­ділік бағытындағы бағдар­ламалар іске асырылады.

Мәдени орталықтың ашылу рәсі­міне Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін, АҚШ Бас кон­сулының баспа­сөз, мәдениет және білім жө­ніндегі кеңес­шісі Хира Каур Камбодж бастаған білім беру және мәде­ниет ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Жастардың білім алып, шығар­машылық және зияткерлік тұрғыдан дамуына жол ашатын осындай заманауи орталық кітапханада ашылуы мәдениет саласын дамытудың маңызды бағыты саналады. Бұл бастама екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, өзара түсіністік пен серік­тестікті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін» дейді Данияр Әлиев.

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін білім кеңіс­тігі тұрғындар сұранысына сай ашылғанын, орталық ғылым-білімге ынталы жастарды үнемі қолдайтынын жеткізді.

Орталықта 3D-басып шығару, дизайн, роботтехника, бағдарламалау, ғылыми тәжірибелер мен қолдан­ба­лы шығармашылыққа арнал­ған­ заманауи құралдардың бәрі­ қа­­растырылған. Мұндағы аме­ри­­калық әдебиет бұрышы­нан­ әлем­­ге әйгілі классиктердің жауһар шығармаларын да табасыз.

Жаңа орталықтың ашылуына кітапхана оқырмандары, әсіресе жас­тар дән риза. Болашақта АҚШ-та білім алуды мақсат еткен жоғары сынып оқушылары өз әсерімен бөлісті.

«Мен үшін бұл жоба – үлкен мүм­кіндік. Мұнда АҚШ универ­ситет­те­рі­не түсуге қажетті ақпарат алып, ағыл­шыншамды жетілдіріп, өзім­ді кәсіби әрі шығармашылық тұр­ғыдан дамытуға болады. Осындай кеңіс­тік­тің ашылғаны көптеген студенттің арма­нын жүзеге асыруға жол ашады деп ойлаймын», дейді Жамбыл кітапханасының тұрақты оқырманы Аружан Маханбетқалиева.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью