Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ол 508 метрлік (101 қабатты) ғимаратқа 91 минутта өрмелеп шыққан. Оның биікке өрлеуін мыңдаған көрермен тамашалады. Альпинистің биікке көтерілуі Netflix арқылы тікелей көрсетілді және оған зәулім ғимарат басшылығы мен қала билігі рұқсат берді.
Хоннольд ғимараттың бір бұрышына шығып, аяғын L-тәрізді етіп, кішкене шығыңқы жерлерге тіреді. Кейбір жерлерде қасбеттің декоративті элементтерін айналып өтуге тура келді.
Өрмелеудің ең қиын бөлігі ғимаратқа ерекше силуэт беретін «бамбук қораптары» деп аталатын ортаңғы бөліктің 64 қабаты болды. Мұнда әрқайсысы 8 деңгейден тұратын сегіз сегментке бөлінген: тік көтерілетін аумақтарда балкондар бар, ол бұл жерлерде қысқа үзіліс жасады.
Альпинист көтерілгеннен кейін мұны «Тайбэйді көрудің тамаша жолы» деп атап, бұған дейін ғимаратқа заңсыз өрмелеуді ойлағанын, бірақ ұйымдағы адамдарға құрмет ретінде бұл идеядан бас тартқанын атап өтті.
Айта кетейік, «Taipei 101» 2004-2010 жылдар аралығында әлемдегі ең биік ғимарат болды. Бұл титул қазіргі уақытта Дубайдағы Бурдж Халифаға тиесілі. 2004 жылы Тайваньдағы зәулім ғимаратқа «француздық өрмекші адам» деген атпен танымал альпинист Ален Роберт көтерілді. Алайда ол қауіпсіздік торын қолданды.
Осыған дейін атыраулық альпинист 20 күнде екі алып шыңды еңсергені туралы жаздық. Сондай-ақ қазақстандық Анар Бурашева әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындырғанын жарияладық.