Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АҚШ-та әскери ұшақ апатқа ұшырады. Осыдан кейін Калифорниядағы АҚШ Әскери-әуе күштерінің Эдвардс авиабазасы мәлімдеме жасады. Онда апатқа ұшыраған B-52 бомбалаушы ұшағының бортында сегіз адам болғаны айтылған. Олардың ешқайсысы аман қалмаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
АҚШ-та әскери ұшақ апатқа ұшырады. Осыдан кейін Калифорниядағы АҚШ Әскери-әуе күштерінің Эдвардс авиабазасы мәлімдеме жасады. Онда апатқа ұшыраған B-52 бомбалаушы ұшағының бортында сегіз адам болғаны айтылған. Олардың ешқайсысы аман қалмаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 15 маусымда Калифорниядағы Эдвардс авиабазасынан ұшып шыққаннан кейін болған.
Ресми тұлғалардың хабарлауынша, B-52 Stratofortress бомбалаушы ұшағы жоспарлы сынақ ұшуын орындаған: ол жергілікті уақыт бойынша таңғы 11:20-да қашықтағы авиабазадан көкке көтерілген.
Әскери-әуе күштері өкілдерінің айтуынша, бомбалаушы ұшақ радарларды жаңғырту бағдарламасы аясында сынақтар өткізген, деп хабарлайды CNN.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр, өйткені экипаж мүшелері мен жолаушылардың өлі-тірісі әлі белгісіз.
База өкілі экипаж құрамында әскери шенеуніктер, азаматтық тұлғалар және мемлекеттік мердігерлер болғанын хабарлады.
База қайта ашылды, бірақ ондағы барлық операция уақытша тоқтатылған.
Анықтама: B-52 - Әскери-әуе күштері арсеналындағы ең ескі ұшақтардың бірі, ол алғаш рет 1955 жылы пайдалануға берілген. Әдетте экипажы бес адамнан тұратын бұл алыс қашықтыққа ұшатын ауыр бомбалаушы ұшақ 70 000 фунтқа дейін бомба мен өзге де оқ-дәрілерді тасымалдай алады.
Ұшақтың қазіргі B-52H нұсқасы әлі де Әскери-әуе күштері арсеналында маңызды рөл атқарады, оның құрамында осындай 76 ұшақ бар. Ол АҚШ пен Иран арасындағы қазіргі қақтығыс кезінде бомбалау миссияларында қолданылды. Сондай-ақ B-52H ядролық бомбалар мен ядролық оқтұмсықты қанатты зымырандарды тасымалдауға қауқарлы.