Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АҚШ-тың Армения Республикасындағы елшілігі Facebook-тегі парақшасында AECOM инженерлік-консалтингтік компаниясының тобы TRIPP жобасын іске асыруға арналған учаскені зерттеуді бастау үшін елге келгенін хабарлады.
Дипломатиялық миссия нақтылағандай, бұл сапар АҚШ-тың «Трамптың халықаралық бейбітшілік пен өркендеу бағыты» (TRIPP) бастамасының аясында жүзеге асырылып отыр.
AECOM мамандары Армениядағы учаскеде теміржол мен онымен байланысты инфрақұрылымды жобалау бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жүргізіп, ұсыныстар дайындайды. Жобаның іске асырылуы Арменияның ұзақ мерзімді экономикалық өсуіне, көлік байланысын дамытуға және аймақтық интеграцияға септігін тигізеді деп күтіліп отыр.
Бұған дейін АҚШ вице-президенті ақпан айында Армения мен Әзербайжанға ресми сапармен баратынын жаздық. Сапар барысында бірқатар стратегиялық мәселе бойынша құжатқа қол қою жоспарланып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.