Америкалық компания ЖИ көмегімен ұшақтарға арналған қозғалтқыш жасап шығарды

25.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Forecast International

Компания дерегінше, жаңа жүйе бұрын бірнеше айға созылатын инженерлік есептеулердің орнына бірер секунд ішінде қозғалтқыштың алдын ала сызбаларын жасай алады.

Мұндай қозғалтқыштар авиациядағы ең күрделі жүйелердің бірі саналады. Себебі олар өте жоғары жылдамдықта жұмыс істеп, температура, ауа ағыны және ұшу параметрлерін аса дәл есептеуді талап етеді.

Компания мамандарының айтуынша, жасанды интеллект бір уақытта әртүрлі жұмыс режимдерін талдап, жүздеген конструкциялық нұсқаларды автоматты түрде ұсынады. Кейін бұл нұсқалардың техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Испанияда Ла Лига төрешілерінің жұмысын жасанды интеллект бағалайды

Жоба алғашқы қауіпсіздік параметрлері бойынша алдын ала сынақтан өткен. Стартаперлер бұл технологияны тек гипердыбысты жобаларда ғана емес, азаматтық авиацияда да қолдануды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін тараздық оқушының ЖИ арқылы қатерлі ісікті анықтауға арналған жоба әзірлеп шығарғанын жазған болатынбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью