Америкалық сарапшы Асу Алмабаевтың UFC дегі болашағына жоғары баға берді

14.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

ММА саласындағы америкалық журналист әрі сарапшы Джейден Кейбл қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (23-3) UFC-дегі болашағына оң көзқарас білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Кейбл Алмабаевты аса жеңіл салмақтағы ең жан-жақты спортшылардың бірі деп атап, оның чемпион болуға толық лайық екенін айтты:

– Қысқаша айтқанда, Асу Алмабаев – дәл қазір осы дивизиондағы ең әмбебап файтер. Ол болашақта UFC чемпионы атанатынына сенімдімін. Манель Капемен болған жекпе-жекте қарсыласы ереже бұзып, бірнеше рет көзін шұқып алды, – деп жазды ол.

Алмабаев келесі жекпе-жегін 28 ақпанда Мехикода өтетін UFC Fight Night турнирінде өткізеді. Қазақстан уақытымен 1 наурызға қараған түні ол UFC-дің бұрынғы чемпионы, жергілікті жұлдыз Брэндон Мореномен (29-3-2) октагонға шығады.

Қазір Асу Алмабаев UFC рейтингінде жетінші орында, ал Морено үздік бестікке енген. Бұл айқас – қазақстандық спортшы үшін титулдық жекпе-жекке жақындай түсудің шешуші кезеңі болмақ.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью