Америкалық жаттықтырушы Астананың сұлулығына тәнті болды

25.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатына арнайы келген АҚШ-тың Орегон штаты университетінің жаттықтырушысы Брэндон Кейлор елордадан алған әсерін бөлісті, деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанға алғаш рет келген америкалық маман қаланың тазалығы мен сәулетіне, сондай-ақ қазақ халқының қонақжайлығына ерекше тәнті болғанын айтты.

"Мен Астананың сұлулығына тәнті болдым. Қазақстан осы уақытқа дейін барған елдерімнің ішіндегі ең сүйіктілерімнің біріне айналды. Маған мұндағы салқын ауа райы, ұлттық тағамдар мен мәдениеті ерекше ұнады. Қаланың тазалығы мен көркі де таңғалдырды. Ең бастысы – халқы өте мейірімді, ашық-жарқын әрі қонақжай", – деді Брэндон Кейлор.

Оның айтуынша, ұйымдастырушылар шетелдік қонақтарды жылы қарсы алған. Жаттықтырушы турнир аяқталғаннан кейін Қазақстанға қайта келіп, Алматы қаласын да аралауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетері, Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 135 елінен келген 900-ге жуық спортшы қатысады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью