Әмір Омарханов ITF M15 турнирінің финалында алғаш рет өнер көрсететін болады

22.11.2025

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жартылай финалда қазақстандық 52 минут ішінде неміс теннисшісі Мик Петковичті (776 АТР) 6:1, 6:2 есебімен жеңді, деп жазады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Финалда 18 жастағы Әмір тағы бір неміс спортшысы Макс Шонхауспен (824 ATR) бақ сынасатын болады.

Шешуші матч 2025 жылдың 23 қарашасында өтеді.

Омарханов бұған дейін 23 жастағы испандық Хорхе Плансты (№847 ATP) жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью