Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистияға қатысты мәселе қайтадан күн тәртібіне шықты. Мәжіліс депутаттары амнистияның шарттары мен тәртібін нақтылайтын заң жобаларын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: polisia.kz
Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстарға қатысты қолданылуы мүмкін. Бұл, негізінен, келтірілген шығын толық өтелген немесе мүлде залал келтірілмеген істерге қатысты болмақ.
Ал ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жаза мерзімін қысқарту ұсынылып отыр. Бірақ бұл жағдайда да келтірілген залал толық өтелуі тиіс.
«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
Әкімшілік амнистия аясында да бірқатар айыппұлды кешіру қарастырылып отыр. Бұл туралы депутат Снежанна Имашева мәлімдеді.
«Әкімшілік амнистия аясында осы заң күшіне енгенге дейін орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі бар азаматтар және жалпы Қазақстан азаматтары босатылады», деді ол.
Сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құқықбұзушылықтар амнистияға ілінбейді. Олардың қатарында қызыл шамға өту, жылдамдықты асыру және мас күйінде көлік жүргізу бар.
Ал қауіпсіздік белдігін тақпау немесе көлік жүргізу кезінде телефон қолдану үшін салынған айыппұлдар амнистияға енуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
ДДҰ ескертуі: Эбола дертіне шалдыққандар саны әлі де өсуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 12:47
Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 12:43
Елімізде нотариустарға бақылау күшейтіледі: Жаңа талаптар қандай?
Заң • Бүгін, 12:30
Алматы облысында екі ұйымның жұмысшыларына жалақы уақытында төленбеген
Алматы • Бүгін, 12:28
Машина жасау саласында қолдау артады: Мәжіліс жаңа заң жобасын қабылдады
Парламент • Бүгін, 12:20
Эфирдегі қателік: Британдық радиостанция король III Чарльздің қайтыс болғанын хабарлаған
Әлем • Бүгін, 12:17
Депутат заң бұзған нотариустарды лицензиясынан айыруды талап етті
Қоғам • Бүгін, 12:10
Қант зауытының «жыры» немесе шаруалар биыл да шырылдап қалмай ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Жаңа заң: Жеке деректерді заңсыз пайдаланған нотариустар лицензиясынан айырылады
Заң • Бүгін, 12:01
Танымды тереңдету – уақыт талабы
Саясат • Бүгін, 11:55
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Ипотека • Бүгін, 11:50
Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру
Әлем • Бүгін, 11:40
Қазақстан мен Макао экстрадиция туралы келісімге қол қойды
Саясат • Бүгін, 11:28
Қосшыдағы LRT құрылысына байланысты 2 мыңнан астам ағаш көшіріледі
Елорда • Бүгін, 11:23
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Қоғам • Бүгін, 11:21