АМӨЗ дегі өрт толық сөндірілді: ТЖ отын өндірісіне әсер ете ме

26.08.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Көрнекі сурет/ АМӨЗ

Атырау мұнай өңдеу зауытында орын алған өрт толығымен сөндірілді. Компанияда болған оқиғаға қатысты мамандар ақпарат беріп, кәсіпорындағы қазіргі жағдай туралы мәлімдеді.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда.

«Өрт толығымен сөндірілді. Жағдай бақылауда. Өрттің қайта тұтану қаупін азайту мақсатында оқиға орнында конструкцияларды салқындату үшін су шашу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді кәсіпорын мамандары.

Зауытта орын алған оқиғаның технологилық процеске әсер етпегені атап өтілді: мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту штаттық режимде жалғасып жатыр.

Өрттің неден шыққанын қазіргі уақытта мамандар анықтап жатыр.

Кеше, 14:40

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью