Амстердамда қоқыс арасынан екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жоғалған құнды картина табылды

14.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: X / Arthur Brand

Амстердамдағы көшелердің бірінде қоқыс арасынан Нидерландтың Алтын ғасырына жататын ұрланған картина табылды. Бұл туралы өнер туындыларын іздестірумен айналысатын детектив Артур Бранд мәлімдеді. Оның айтуынша, шығарма заңды иелеріне қайтарылады.

Әңгіме Амстердамдағы Ньиве Керк шіркеуінің ішкі көрінісі бейнеленген диптих туралы болып отыр. Мамандардың болжамынша, туындының авторы – нидерланд суретшісі Хендрик ван дер Бург. Картина кезінде белгілі өнер саудагері Жак Гудстиккердің жеке коллекциясында сақталған.

Қараңғыда көрсетілетін картиналар: Қарағандыда ерекше көрме ашылады

Артур Брандтың айтуынша, картинаны Амстердам тұрғыны Роберт ван дер Хук кездейсоқ тауып алған. Ол De Telegraaf газетіне жұмысқа бара жатқан жолда канал жағасындағы қоқыс үйіндісінің арасынан картинаны байқап қалған.

«Ол көшені тазалау қызметі алып кетуге дайындаған қоқыстың арасында жатты. Лақтырып тастауға қимай, өзіммен бірге алып кеттім», деді Роберт ван дер Хук.

Картинадағы тағдыр

Артур Бранд De Telegraaf газетінің журналисі Йон ван ден Хевелмен бірге картинаны Гудстиккердің заңды мұрагерлеріне табыстайтынын жеткізді.

Сонымен қатар ол бір ай бұрын Гудстиккердің коллекциясынан тағы бір картинаның табылғанын еске салды. Бұл шығарма да кезінде нацистер тарапынан тәркіленіп, ондаған жыл бойы СС генералының ұрпақтарының қолында сақталған.

Жак Гудстиккер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Нидерландтағы ең ірі өнер туындыларының саудагері болған. 1940 жылы нацистік Германия Нидерландты басып алғаннан кейін ол елден қашуға әрекет жасағанымен, жолда қаза тапты. Ал Нидерландта қалған мыңнан астам өнер туындысынан тұратын оның бай коллекциясын кейін нацистер талан-таражға салған.

Жалғыз картина сатқан суретші

Хендрик ван дер Бург Делфт кескіндеме мектебінің көрнекті өкілі саналады. Ол тұрмыстық көріністерді, ғимараттардың интерьерлерін және қала көріністерін бейнелеген. Оның шығармашылығынан нидерланд кескіндемесінің әйгілі шебері Питер де Хохтың ықпалы анық байқалады. Суретші 1649 жылы Делфттегі Әулие Лука гильдиясының мүшесі атанып, кейін Лейден мен Амстердам қалаларында еңбек еткен.

Амстердамдағы бұл олжа екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жоғалып кеткен өнер туындыларының әлі күнге дейін табылып жатқанын көрсететін кезекті мысал болды. Енді картина нацистік оккупация жылдары тоналған әйгілі коллекцияның заңды мұрагерлеріне қайтарылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью