Амстердамда Ұлттық қызғалдақтар күні өтті

18.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Нидерландта қызғалдақтар маусымы басталды. Мыңдаған адам күннің суығына қарамай Амстердамдағы Музейплейн алаңына жиналып, «Ұлттық қызғалдақтар күнін» атап өтті.

Онда Голландиялық гүл өсірушілер 200 мың қызғалдақты тегін таратты. Айта кетейік, былтыр Нидерланд астанасында екі миллион түп қызғалдақ өсірілген. Жалпы бұл мемлекет гүл саудасынан жыл сайын милиардтаған еуро табыс табады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью