Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Павлодар облысындағы ұшақ апатынан аман қалған екінші ұшқыш жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөліміне түскен 1998 жылы туған ер адам көп жарақат алған. Оған барлық қажетті ем жасалып жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салсақ, Павлодар облысының Железинка ауылы маңында авиациялық-химиялық жұмыстар атқарып жүрген Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақ электр желілеріне тиген. Бортта екі экипаж мүшесі болды. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты.