Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев композитор Ілия Жақановты 90 жас мерейтойымен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әсерлі жазба жариялап, композиторға ерекше құрмет көрсетті.
"Әр заманның, әр кезеңнің өз әндері болады. Орта жасқа келген біздің буын жастық шағын еске алса, көңіліне “Жайлаукөл кештері” әнінің әуені оралатыны сөзсіз. Ал “Жайлаукөл кештері” бүгін 90-ға келіп жатқан ұлы композитор, қазақ өнерінің маэстросы Ілия Жақановтың 200-ден астам сұлу әндерінің бірі ғана. Аға өзінің көркем тағдырымен де, көркем болмыс-бітімімен, қамқор көңілімен артынан ерген бізге таптырмас үлгі. Ағамыздың жасы жүзден ассын! Могикандардың соңғы тұяғы – Ілия ағамызды ән мұрасы мәңгі жасай берсін!" - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.