Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Полиция қызметкерлері азаматтарды жасанды интеллект көмегімен жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырады.
"Алаяқтар жасанды интеллект арқылы адамның дауысын және сыртқы бейнесін қолдан жасап, бейнеқоңырау кезінде жәбірленушіге өзін туысы немесе жақын адамы ретінде таныстыруы мүмкін", - дейді полицейлер.
Әдетте олар шұғыл ақша қажет екенін айтып, қаражатты дереу аударуды сұрайды.
Алаяқтықтан қорғайтын қарапайым 5 ереже:
шұғыл ақша аудару туралы өтінішке бірден сенбеңіз;
қоңырауды тоқтатып, жақын адамыңызға өзіңіз қайта хабарласыңыз;
отбасы мүшелерімен алдын ала құпия сөз немесе бақылау сұрағын келісіп алыңыз;
банк картасының деректерін, SMS-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіз;
күдік туындаса, полицияға хабарласыңыз.
Ақша аудармас бұрын ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз. Бір минуттық тексеру қаржылық шығынның алдын алуы мүмкін.