Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Астана қаласы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында айтулы оқиға болды. Полицияның болашақ төрт аяқты көмекшілерінің қатары бірден төрт күшікпен толықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың анасы – жоғалған адамдарды іздеуге маманданған Хлоя Дея есімді бельгиялық овчарка. Бұл оның алғашқы ұрпағы. Ал күшіктердің әкесі – қызметтік жетістіктерімен танымал Бакс, ол полицейлерге есірткі заттарын анықтауға бірнеше рет көмектескен.
Бүгінде күшіктер екі айға толды. Олармен кәсіби кинологтар айналысып жатыр.
"Кішкентай болғанына қарамастан, алдағы қызметке жарамдылығын анықтайтын алғашқы сынақтар басталып кетті. Мамандар күшіктердің мінез-құлқын, белсенділігін, зейінін және болашақ жұмыс үшін маңызды басқа да қасиеттерін бағалап жатыр. Тестілеудің анағұрлым күрделі кезеңі күшіктер алты айға толғанда өтеді. Дәл осы кезеңдер әрқайсысының әлеуетін анықтауға және одан арғы дайындық бағытын таңдауға мүмкіндік береді", - делінген жарияланымда.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу