Англия мен Өзбекстан құрамасының бірнеше ойыншысы әлем чемпионатына қатыспайды

17.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: Өзбекстан футбол қауымдастығы

Ережеге сәйкес, командалар турнир басталардан 24 сағат бұрын медициналық себептермен өзгеріс енгізе алады.

Осыған байланысты Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жалолиддин Машарипов жарақатына байланысты ұлттық құрама сапынан шығарылды. Өзбекстан футбол қауымдастығының мәліметінше, футболшы ұзақ уақыт жаттығуларға толық қатыса алмаған.

Медициналық тексерулер нәтижесі FIFA медициналық комитетіне жіберіліп, ойыншының турнирге қатыса алмайтыны ресми түрде расталған. Оның орнына ұлттық құрама сапына Русланбек Жиянов енгізілді.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын ертең 18 маусым күні елорда уақытымен сағат 07:00-де Колумбияға қарсы өткізеді. Команда дайындық жиындарын АҚШ-тың Атланта қаласында өткізіп, кейін Мексикаға аттанбақ.

Сонымен қатар турнирде Англия құрамасында да өзгеріс болды. Қорғаушы Валентино Ливраменто балтыр бұлшықетінің жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыспайды. Оның орнына ұлттық құрама тізіміне Трево Чалоба қосылды.

Еске сала кетейік, Англия құрамасы алғашқы ойынын ертең 18 маусым сағат 01:00-де Хорватияға қарсы өткізеді. Матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью