Англия қосымша уақытта Норвегияны жеңіп, жартылай финалға өтті

12.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Майамиде өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта жеңіс голын соққан ағылшындар келесі кезеңге өтті.

Кездесудегі есепті 36-минутта Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Андреас Шельдеруп ашты. Алайда бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда, дәлірек айтқанда 45-минутта Англия сапынан Джуд Беллингем таразы басын теңестірді.

Кездесудің негізгі уақыты жеңімпазды анықтай алмағандықтан, ойын қосымша уақытқа ұласты. 93-минутта Беллингем тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды әрі Англия құрамасына жеңіс сыйлады.

Бүгін түнде әлем чемпионатының жартылай финалына шығатын екі команда анықталады

Жартылай финалда Англия құрамасы Аргентина мен Швейцария жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью