Англия құрамасы Гана қақпасына гол соға алмады

24.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: topsport

Матч алдында Гана сапына команданың негізгі ойыншыларының бірі Томас Парти қосылды. Ол алғашқы турда виза мәселесіне байланысты Панамаға қарсы кездесуге қатыса алмаған болатын.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ Гана бас бапкері Карлуш Кейруш шәкірттерін қорғанысқа қойып, 4-5-1 жүйесімен ойнады. Англия допқа шамамен 80 пайыз иелік еткеніне қарамастан, ұзақ уақыт бойы қарсылас айып алаңына қауіпті шабуыл ұйымдастыра алмады.

Алғашқы қауіпті сәт тек ойынның 15-минутына қарай тіркелді. Ағылшындар сапынан Деклан Райс айып добынан соққы жасағанымен, доп қақпа маңдайшасынан жоғары ұшты. Бірінші таймда ганалықтар бірде-бір рет қақпаға соққы жасамады, бірақ Англияға да қақпа дәлдеуіне мүмкіндік берген жоқ.

Роналду дубль жасады: Португалия Өзбекстан қақпасына бес гол соқты

Үзілістен кейін Томас Тухельдің командасы ойын қарқынын үдетуге тырысты. Кейінірек алаңға Букайо Сака шығып, шабуыл шебін күшейтті. Соған қарамастан, Гана қарымта шабуылдармен жауап беріп отырды. Ойында ағылшындар 13 рет соққы жасағанымен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.

Екі команда да плей-оффқа жолдаманы соңғы турда анықтайтын болады. 28 маусымға қараған түні елорда уақытымен сағат 02:00-де Англия Панамамен кездессе, Гана Хорватиямен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Англия Хорватияны 4:2 есебімен жеңген еді. Ал Панама Ганаға қарсы ойынның соңғы минутында жалғыз гол жіберіп, жеңісті уысынан шығарып алды. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью