Анкарада несие алу ісі бойынша 51 адам қамауға алынды

03.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Анкара прокуратурасы жанындағы контрабандалық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бюросы жүргізген тергеу шеңберінде бір топ адамның өсімқорлықпен, оның ішінде POS-терминалдар арқылы айналысқаны анықталды.

Түркия ішкі істер министрлігі қаржылық қылмыстармен күрес басқармасы бірқатар операция жүргізіп, нәтижесінде 51 адам ұсталды.

Іздеуде жүрген қалған бес күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Еске салайық, Антальяда полиция кейпіне енген қаскөйлер 4 млн долларлық криптоактивті ұрлады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью