Анна Данилина Доха турнирінің чемпионы атанды

14.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген еді.

Қазақстандық-сербиялық жұп финалда доданың 3-ракеткалары, латвиялық Елена Остапенко – тайбэйлік Се Шувэймен бас жүлдені сарапқа салды.

Биыл Доха додасының жүлде қоры 4 млн 088,211 мың АҚШ долларына бағаланған еді. Жұптық сайыс жеңімпаздары 195 мың долларға қоса 1 мың рейтингілік ұпай алады.

Осыған дейін А.Данилина – А.Крунич Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Остапенко – Шувэй бет қаратпады – 6:0.

Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Данилина – Крунич таразы басын өздеріне аудара алды – 7:6 (7:3).

Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.

Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-сербиялық дуэт 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Латвиялық-тайбэйлік жұп 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Анна Данилина – Александра Крунич ірі жарыста үздік шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның қатарынан екінші турнирде финалға шыққанын жазған едік.

Александр Бублик Роттердам турнирінде финалға шығу үшін таласады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью