Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич алғашқы айналымда германиялық Лаура Зигемунд — америкалық София Кениннің мысын басты.

Бірінші партияда Данилина — Крунич айқын басымдылық танытты — 6:2.

Тартысты өрбіген екінші сетте әуелі германиялық-америкалық жұп 3:1 есебімен алға шыққанымен, Анна мен Александра матчты жеңіспен түйіндей білді — 7:5.

Бір сағат 37 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-сербиялық дуэт 3 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Зигемунд — Кенин 1 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина — Александра Крунич жартылай финалға шығу үшін америкалық Николь Меличар-Мартинез — ресейлік Людмила Самсоновамен таласады.

Анна Данилина — Александра Крунич өткен аптада Ухань (Қытай) WTA 1000 додасында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Алматы турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью