Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Екінші айналымда отандасымыз (WTA жұптық рейтингінде 6-орын) сербиялық Александра Круничпен бірге Майя Джойнт (Австралия) / Хенне Вандевинкель (Бельгия) тандемін айқын басымдықпен ұтты. Жарыстың 2-ші нөмірлі жұбы саналған Данилина мен Крунич алғашқы геймдерден-ақ кортта үстемдік орнатып, өз геймдерінде сенімді ойнады. Кездесу 6:2, 6:3 есебімен екі сетте аяқталды.
Париждегі Үлкен дулыға турнирінің ширек финалына жолдама алу үшін қазақстандық-сербиялық дуэт украиналық Даяна Ястремская мен Ангелина Калинина жұбына қарсы кортқа шығады.
Анна Данилина әйелдер арасындағы бәсекеден бөлек, микст (аралас сында) бағдарламасында да бақ сынап жатыр. Ертең отандасымыз америкалық Джей-Джей Трэйсимен бірге турнирдің үшінші айналымына өту үшін кезекті матчын өткізеді.
Қазіргі уақытта Анна Данилина биылғы "Ролан Гаррос" додасында ел намысын қорғап жатқан Қазақстанның соңғы өкілі болып қалып отыр.