Анна Данилина Токио турнирінің чемпиондық атағы үшін таласады

25.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич жартылай финалда жапониялық Сюко Аояма – испаниялық Кристина Букшамен жолықты.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 4:1 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:2.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Данилина – Крунич брейк жасай білді. Содан кейінгі геймде жапониялық-испаниялық дуэттің брейкпен қарымта қайыруына жол берген жоқ. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді - 6:3.

Бір сағат 16 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Аояма – Букша 1 брейкті (5 брейк-пойнт) қанағат тұтты.

Осылайша, Токиода чемпиондық атақ үшін таласатын Анна Данилина – Александра Круничтің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың қорытынды турниріне жолдама алғанын жазған едік.

Сондай-ақ Анна Данилина Токио турнирінің жартылай финалына шықты.

Рыбакина денсаулығына байланысты Токио турнирінің жартылай финалында ойнаудан бас тартты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью