Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Әнші Абай Бегей отбасындағы қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сегізінші перзенті өмірге келгенін айтып, перзентханадан сурет жариялады. Айтуынша, қыз бала дүние есігін ашқан.
«Сүйінші! Алланың қалауымен 8-ші рет әке атандым. Тәп-тәтті бесінші ханшайымымыз өмірге келді», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап, отбасына бақыт тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.