Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылық жолы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі әнші ретінде көпшілікке танылу оңай болмағанын атап өтті. Сонымен қатар өнер жолында түрлі кезеңді бастап өткергенін айтты.
"Әнші болу, танылу оңай келген жоқ. Ерте бастап, кеш танылған жанмын. Бірақ ән менің икигайым екен. Әнсіз өмірімді елестете алмаймын. Әнсіз өмір мәнсіз. Ол және басқаларға да беріледі, олар соны сезінеді, бағалайды! Сондықтан шынайы өнер бар жерде костюм де, сымбат та, шоу да маңызды емес. Бастысы - жүрек сөзі, жүрек сазы! Иә, менде де өзімді көрмеу, құрметтемеу, құнымды білмеу, біреулерге еріп кету секілді түрлі пендешіліктер бар. Бірақ Құдай мен аруақ қағып жүреді. Әйтпесе сұхбат алып, өз бағдарламамды ашып, журналист болып қызмет атқарсам да әлеуетім жетеді. Ақын боп өлең оқып, бермегенді тартып алып, алшаңдап басып жүруге Құдай аз талант берген жоқ. Жазу - менің сүйікті жұмысым. Бірақ, “сұлу ән саған адалмын” деген Сейіл ағаға бекер қарындас болғам жоқ. Қорабай аға бекер шәкіртім деген жоқ. Қадыр жақсы көріп, Қадырғали еркелетсе бәрінің түбі сол әсем де әуезді ән-жүрекке келіп тіреледі. Басқа бөліп берер нем бар?! Жаратқан маған әнмен байлық берген екен. Ал соны өзіме көрсеткісі келмегендер “ұстаз” боп келген екен. Аллама алғыс! Менің осы өнерге адалдығымды білетіндер басымды бағалап, жүрегіме үңіліп, сөзімен, сыйымен, құрметімен қорғаштап жүреді, қолдап жүреді! Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар!", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, пікір жазып жатыр.
«Ән әлемінің ханшайымы», «Аман бол, Роза», «Әдемі әндеріңіз көп болсын», «Сіз шырқаған әндер жүрекке жетеді», - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.