Әнші Ерболат Құдайбергенов Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылды

18.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әлеуметтік желілерде әншінің наркологиялық орталық маңында мас күйде жүргені түсірілген видео тараған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Осыған байланысты полицияға оның үстінен тыныштықты бұзғаны жөнінде хабарлама түскені расталды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары көршісінің агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы шағымданған.

Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жедел жеткен. Тексеру барысында ақпараттың расталғаны белгілі болды. Азамат өзін-өзі бақыламайтын күйде болып, айналасындағыларға агрессия танытқан және тұрғындардың тыныштығына қауіп төндірген.

"Аталған тұлға медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді. Медициналық көрсеткіштер ескеріліп, ықтимал құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге мамандардың бақылауына орналастырылды", –  деп хабарлады Алматы қаласы ПД-ның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығын бұзу, тіркеусіз тұру және қоғамдық орында азаматтарға тиісу деректері бойынша шаралар қабылданған.

Айта кеткен жөн, аталған тұлға бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью