Әнші Ерболат Құдайбергенов наркологиялық мекемеге орналастырылды

18.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарынан көршісінің агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы хабарлама түскен.

— Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жедел түрде барды. Ақпарат расталды: азаматтың жағдайы қалыпты емес екені анықталып, айналасындағыларға агрессия танытып, тұрғындардың тыныштығына қауіп төндірген, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ерболат Құдайбергенов медициналық тексеруден өткен. Ол дәрігерлердің қорытындысы бойынша 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығын бұзу, тіркеусіз тұру және қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Полицияның мәліметінше, бұл Құдайбергеновтің қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты тіркелген алғашқы оқиғасы емес. Ол бұған дейін де осындай құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске салайық, бұған дейін Qarakesek лақап атымен танымал әнші сотқа мәжбүрлеп жеткізілетінін жазған едік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью