Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Павлодар қаласының Астана көшесі, 167 мекенжайында 1992 жылға дейін мезонині бар көне ағаш үй сақталып келген екен. Оны ХХ ғасырдың басында қаладағы сыйлы әрі дәулетті адам Жұпаш Қыстаубаев тұрғызған.
Суреттерді түсірген – Людмила Баюшева
Төңкеріске дейін қаладағы Сауда алаңына жақын орналасқан Владимир көшесінде бай көпестер мен ауқатты мещандар қоныстанған. Қазіргі Толстой көшесімен қиылысқан бұрышта көпес Иннокентий Кошелевтің үйі тұрған. Оның жанына Қыстаубаев өз үйін салып, ауласында ат-көлікпен тоқтайтын орын ашқан. Арзан әрі жайлы қонақүйге саудагерлер, іскер адамдар мен гастрольге келген әртістер түсетін. Мұнда Павлодар өңіріне сапарлап келгенде атақты Қажымұқан Мұңайтпасұлы да тұрған.
«Бұл үймен Павлодардағы қазақ әдебиеті мен драма өнерінің қалыптасу тарихы тығыз байланысты. Мұнда поэзия кештері, концерттер мен спектакльдердің дайындығы өткізіліп, қаланың шығармашыл жастары жиналатын. Осындай кештерді өткізу идеясын үй иесінің өзі ұсынған. Көнекөз қариялардың айтуынша, мұнда Жұмат Шаниннің кейіннен Қазақ драма театрының репертуарына енген «Арқалық батыр» атты алғашқы пьесасының дайындығы өткен», дейді өлкетанушы Людмила Баюшева.
Ж.Шанин ол кезде Павлодар уездік комитетінің мүшесі (1920–1921) екен. Партиялық-кеңестік органдардағы жұмысынан бөлек, ол театр қызметімен айналысып, әдеби кештерге қатысты. 20-жылдары бұл үйде көптеген танымал шығармашылық тұлға қонақта болған. Атап айтқанда, ақын Иса Байзақов, жазушы Мұхтар Әуезов, сондай-ақ мұнда біршама уақыт атақты әнші Майра Уәлиқызы тұрған.
Майра шағын балконға шығып, өзінің әйгілі тальянкасымен қазақ, татар, орыс әндерін шырқайтын. Қоңыраулы сырнай ол кезде далалық өлкеде сирек кездесетін музыкалық аспап еді. Майра сырнайда ғана емес, домбыра мен балалайкада да шебер ойнаған. Талантты әншінің әндерін, сырнайдағы саздарын тыңдауға көршілес көшелердегі тұрғындар жиналатын. Оның сыңғырлаған дауысы алысқа жететін:
«Қызы едім Уәлидің атым Майра,
Отыз тіс көмекейде тілім сайра.
Қолыма гармонь алып жөнелгенде,
Ілесер сонда маған жігіт қайда?!»
Людмила Баюшеваның айтуынша, кеңес өкіметі жылдары бұл көне үйге «Қазгалантерейторгтің» облысаралық базасы орналасқан. 1972 жылы ғимаратқа Майраның барельефі бар мемориалдық тақта орнатылады. Уақыт өте келе ғимараттың қабырғалары қақырап, тоза бастайды. Алайда оны сақтап қалуға ешкім әрекет жасамаған. 1992 жылы жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіші ретінде тіркелген үй бұзылып қалады. Қазіргі уақытта бұл жерде жеке үй салынған.
ПАВЛОДАР
Соңғы жаңалықтар
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30
Өндіріске серпін берген өнертабыстар
Ғылым • Бүгін, 08:25
Ғылыми әлеует – мемлекет дамуының стратегиялық тірегі
Пікір • Бүгін, 08:20
Ата заң • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Саясат • Бүгін, 08:05
Экология заңдарын жетілдіру маңызды
Саясат • Бүгін, 08:02
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Саясат • Бүгін, 08:00
Экономикалық әріптестік нығая береді
Саясат • Бүгін, 07:58
Пікір • Бүгін, 07:55