Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне қатысты сотқа арыз түскен ақын Танагөз Толқынқызын қолдап, оған қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ақша аударғанын растайтын чекті жариялаған. Алайда аударылған қаражаттың нақты сомасы көрсетілмеген – чектегі алғашқы сандар жүрекше белгілермен жабылып, тек соңғы үш нөл ғана көрінеді.
Меруерт Түсіпбаева Танагөздің еңбегіне жоғары баға беріп, оның кітабының құнын ерекше атап өткен.
"Танагөз ақын былай айтты, олай айтты деп, әйелдің артынан сығалап, статистикасын көтергендер! Танагөзге адвокат жалдауға қаражат қажет. Мен ақынның кітабын мың есе құнды деп бағаладым. Ал, сіздер, өздеріңіз білесіздер", – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетейік, Танагөз Толқынқызы 7 наурыз күні Facebook желісінде жариялаған "Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды" деген жазбасына байланысты өзіне eGov арқылы бір адамның шағым түсіргенін мәлімдеген.