Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісін көрсетті (видео)

20.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші «Кішкентай қыз» атты жаңа әні жарыққа шыққанын жеткізді. Оны сүйіктісіне арнаған.

«Ән арнаймын деп жылатып алдым… “Кішкентай қыз” әнін бейнебаянымен назарларыңызға ұсынамыз. Бейнебаян менің YouTube парақшама шығатын болады», - деді ол.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі бақыт тілесе, енді бірі қыздың тым жас екенін айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью