Анталья Астана рейсі сегіз сағатқа кешікті

29.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: istockphoto.com

Ұшақ 28 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:25-те ұшуы керек болған. Алайда рейс кейінге шегеріліп, жолаушылар тек 19:33-те жолға аттанған.

Air Astana әуе компаниясы рейстің кешігуін растап, оған техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді.

«Анталья – Астана бағытындағы KC216 рейсі техникалық себепке байланысты 19:33-ке дейін кейінге қалдырылды. Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, ұшақ барлық техникалық ақаулар толық жойылғаннан кейін ғана ұшуға жіберілген.

Алматыда Air Astana рейстері тұманға байланысты кешігіп жатыр

Еске сала кетейік, жыл басында ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 72 рейстің 10-ы кешіккен болатын. Сондай-ақ 74 ұшып келу рейсінің 8-і уақытынан кеш орындалған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью