Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бактериалық инфекцияның әрбір алтыншы түрі антибиотикпен емделмейді. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлап отыр.
Мамандардың сөзінше, инфекциялардың дені қарапайым препараттарға төтеп бере алады. Кейінгі 5 жылда бақылауда болған «патоген-антибиотик» жұптарының 40%-тен астамында дәріге деген төзімділік жыл сайын 5-15% өсіп отырған. Бұндай деректер әлемнің 100-ден аса елінен алынып талданған. Антибиотикке төзімді инфекциялар негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Жерорта теңізі өңірінде тіркелген. Бұл жақта инфекциялардың шамамен үштен бірі стандартты емдеуге келмейді. Африка аймағында мұндай жағдайлар шамамен 20% шамасында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотикке төзімді инфекциялар көбіне бактериялық ауруларды дер кезінде анықтау мүмкіндігі жоқ елдерде жиі кездесіп, жылдам таралады деп отыр.