Антистресс ойыншықтың зардабы: Алматыда 7 жастағы қыз химиялық күйік алды

02.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: Pixabay.com

31 арнаның мәлімдеуінше, қыздың анасы сатып алу чегін және барлық медициналық анықтамаларды сақтап қойған. Қазір ол мемлекеттік органдардан аталған өнімге қатысты тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Әңгіме гель тәрізді толтырмасы бар танымал сквиш ойыншығының көшірмесі (репликасы) туралы болуы мүмкін.

«Ойыншықтың ішіндегі гель тәрізді сұйықтық сыртқа шашырап, қызымның терісіне жабысып қалды. Сол гель терімен бірге сылына бастады. Дәрігерлердің иық белдеуі мен жоғарғы аяқ-қол аймағының химиялық күйігі деген диагноз қойды», деді Әсел Пак.

Психологтар мұндай сырт көзге зиянсыз көрінетін ойыншықтардың бала өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.

Балалар ойыншықтарына мониторинг жүргізілді

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, дәл осы антистресс ойыншықтарына арналған жеке қауіпсіздік талаптары жоқ, оларға жалпы балалар өнімдеріне қойылатын ережелер қолданылады.

«Елімізге әкелініп, сатылатын барлық ойыншықтардың сәйкестік сертификаты болуы тиіс. Сквишке де оның қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификаты қажет. Ата-аналардың ойыншықты сатып алмас бұрын сатушыдан осы сертификаттың бар-жоғын сұрауға толық құқығы бар», деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Розалина Ермекпаева.

Қазір аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Егер ойыншықтың қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі және жарақатқа сол себеп болғаны анықталса, өндіруші немесе сатушы заң алдында жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ойыншық сапасымен ойнауға болмайды

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью