Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстандық әнші және продюсер Тамара Асар әлеуметтік желіде отбасында қуанышты жаңалық болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өнер иесі жеті жылдан бері күткен сәби дүниеге келгенін айтып, оқырмандарын сүйіншіледі.
Әншінің айтуынша, сәбидің дүниеге келуі қасиетті ораза айы мен Амал-Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келген. Тамара Асар қыз баласына Әнұза есімін қойғанын айтты.
– «Сүйінші, ардақты ағайын! Жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді. Мен кіндік шешесімін. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын», – деп жазды Тамара Асар.
Әншінің сөзінше, жаңа туған қыздың толық аты Қалнияз Әнұза Сертайқызы болып, отбасына қуаныш сыйлаған.