Аңыз ба, әлде ақиқат па? Синоптиктер ауа райы туралы 5 танымал тұжырымды талдап берді

06.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Аязда міндетті түрде қар жауа ма? Температура нөлден жоғары болса, қар жаумай ма? Ал егер қосымша +5 градус көрсетсе, далада нақты солай сезіле ме? Tengri Life бұл тұжырымдардың қайсы шындық, қайсы аңыз екенін анықтап көрді.

"Қыста күн қатты суық болса, қар көп жауады"

Аңыз.

"Қазгидромет" синоптиктерінің айтуынша, қақаған аяз қар жауатынын білдірмейді. Жауын-шашын болуы үшін ылғал мен сәйкес атмосфералық үдерістер қажет.

Сондықтан температура нөлден төмен түсуі мүмкін, бірақ ауа райы құрғақ әрі ашық бола береді. Басқаша айтқанда, қар жаууы үшін тек аяз жеткіліксіз.

"Жаңбыр жүздеген шақырым жерде пайда болған бұлттан жаууы мүмкін"

Ақиқат.

Бұлт пен ауа массалары атмосфералық циркуляциямен бірге қозғалады. Сондықтан жауын-шашын бұлт түзілген жерден алыста жаууы мүмкін.

Демек, бұлт пайда болған жер мен жаңбыр жауған жер бір-бірінен айтарлықтай қашықтықта болуы ықтимал.

"Егер қосымша +5 көрсетсе, көшеде барлық жерде +5 болады"

Аңыз.

Бір қаланың өзінде температура әртүрлі болуы мүмкін. Оған рельеф, биіктік, құрылыс тығыздығы, жел, бұлт және басқа да факторлар әсер етеді.

Сондықтан қосымшадағы көрсеткіш сіздің үйіңіздің маңындағы нақты температура болмауы мүмкін. Әсіресе ашық алқап пен ғимараттар тығыз орналасқан аудандар арасындағы айырмашылық қатты байқалады.

"Қар температура 0-ден жоғары болғанда да жаууы мүмкін"

Ақиқат.

Иә. Егер жер бетіндегі температура нөлден сәл ғана жоғары болса, қар түйіршіктері толық еріп үлгермей, жерге жетуі мүмкін.

Сондықтан аздаған жылылықта қардың жаууы - болжамдағы қателік емес, болуы мүмкін табиғи құбылыс.

"Егер болжамда +30 болса, күн солай сезіледі"

Аңыз.

Ауа температурасы - біздің сезінуімізге әсер ететін жалғыз фактор емес. Ылғалдылық, жел, күн радиациясы және басқа да ауа райы жағдайлары маңызды рөл атқарады.

Сондықтан +30 градус әртүрлі сезілуі мүмкін.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қазгидромет" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (@kazhydromet) жарияланымы

Еске салсақ, бұған дейін Tengri Life "Қазгидрометпен" бірлесіп, төмен ұшқан қарлығаштардан бастап, қызарған аспан мен Ай айналасындағы шеңберге дейінгі танымал халық болжамдарының астарында не жатқанын талдаған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью