Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Парсы шығанағындағы қақтығыстың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Иран мен АҚШ-ты келіссөздерді дереу қайта бастауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы ол 12 шілдеде өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Мен Парсы шығанағындағы жағдайдың айтарлықтай ушығуына және әскери қақтығыстардың қайта жандануына, соның ішінде Иранның Ормуз бұғазындағы кемелерге жасаған шабуылдарына, АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларына және Иранның көршілес елдердегі нысандарға жасаған шабуылдарына қатты алаңдаулымын", - деп атап өтті Гутерриш.
Оның пікірінше, бұл шабуылдар тоқтатылуы тиіс. Толық ауқымды соғыс қимылдарына оралу "аймақ халықтары, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік, сондай-ақ әлемдік экономика үшін ауыр зардаптарға" әкеп соқтырады.
"Мен Иран мен АҚШ-ты келіссөздерді дереу қайта бастауға және қалған келіспеушіліктерді дипломатиялық жолмен шешуге шақырамын", - деп түйіндеді ол.
Мен Парсы шығанағындағы жағдайдың айтарлықтай ушығуына және әскери қақтығыстардың қайта жандануына, соның ішінде Иранның Ормуз бұғазындағы кемелерге жасаған шабуылдарына, АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларына және Иранның көршілес елдердегі нысандарға жасаған шабуылдарына қатты алаңдаулымын.
— Антониу Гутерриш (@antonioguterres) 12 шілде, 2026 жыл
Бұл шабуылдардың барлығы…
Сонымен қатар америкалық БАҚ аты-жөні аталмаған дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, жексенбіде АҚШ Иран нысандарына жаңа соққылар сериясын жасады. Олардың мақсаты - Тегеранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуыл жасау мүмкіндіктерін әлсірету.
Иранның мемлекеттік БАҚ-тары бұғаздағы аралдардың бірінде жарылыстар болғанын хабарлады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу