Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Сурет @apecpetrotechnic
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мақсатында «APEC PetroTechnic» жоғары колледжі Қытайдың үш оқу орнымен – Zhejiang Business College, Hangzhou Xiaoshan Technical College және Tianjin Bohai Vocational Technical College – ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық бағыттары
Жасанды интеллект элементтерін өндірістік оқыту үдерісіне енгізу. Атырау өңірінің мұнай-газ саласына қажетті білікті мамандарды даярлау. Студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын ұйымдастыру. Қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу. Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру. Халықаралық кәсіби чемпионаттарға бірлесіп дайындалу.«Бұл бастама білім беру мен өндірісті ұштастырып, болашақта жоғары білікті, заманауи кадрларды даярлауға мүмкіндік береді», – деді колледж директоры Асылбек Нұрмышев.
Жаңа меморандум аймақтық білім беру жүйесін халықаралық деңгейге шығарып, өндірістік салаға қажетті заманауи мамандарды даярлауға жол ашады.
Бүгін, 17:17