Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Атырау соты сотталған Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Қатимовтың апелляциялық шағымдарын қарады.
Олар алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру, жалдау арқылы кісі өлтіру және елеулі залал келтірген мүлікті қасақана жою баптары бойынша сотталған.
Бірақ сот жазаны өзгертуге негіз таппады.
Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр.
Яна Легкодимова 2024 жылдың 18 қазанында танысымен кездесу үшін үйінен шыққан кезде жоғалып кетті. Янаның мәйіті сегіз айдан кейін, 2025 жылдың 20 маусымында Жайық өзенінің жағасында табылды.