Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Рейтингіде АҚШ көш бастады: Global 500 тізіміндегі 192 компания — америкалық, 68-і — қытайлық, 33-і — жапондық, 33-і — француздық, 26-сы — германиялық және 25-і — британдық.
Агенттігінің тілшісі зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жинақтаған деректерге сәйкес, Apple 607,6 млрд АҚШ долларымен өткен жылғыдай әлемдегі ең қымбат бренд деп танылды.
2025 жылы компанияның брендтік құны 574,5 млрд доллар болған.
Apple-ден кейін Microsoft (565,3 млрд доллар) және Google (433,1 млрд доллар) орналасты.
2025 жылы Microsoft бренді шамамен 461,1 млрд долларға, ал Google 413 млрд долларға бағаланған еді.
Тізімде америкалық Amazon 369,9 млрд доллармен 4-орынға, америкалық Nvidia 184,3 млрд доллармен 5-орынға жайғасты.
Қытайлық TikTok 153,5 млрд доллармен 6-орынға, америкалық бөлшек сауда алыбы Walmart 141 млрд доллармен 7-орынға шықты.