Apple табысы $140 млрд асты

31.01.2026

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Былтыр Apple-дің табысы 140 млрд доллардан асты.

Бұл алдыңғы көрсеткіштен 16 пайыз көп. Яғни компанияға қатысты болжам дәл келген жоқ. Қаржыгерлер Apple-дің кірісі азаяды деп топшылаған болатын. Табыстың артуына Қытайда айфонға сұраныстың артуы әсер еткен. Мұнда Android-тан бас тартып, IOS-қа ауысқандар саны 38 пайызға артқан. Сондай-ақ Үндістанда да Apple өнімдерінің саудасы қыза түскен. Жалпы компанияның қор нарығындағы бәсі артып келеді. Оның құнды қағаздары шамамен 3 пайызға қымбаттады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью